Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы Алматы облысында ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқан инвесторды қашықтан қабылдады.
Компания өңірдегі индустриялық аймақта металлургия зауытын салуды жоспарлап отыр. Жоба тікелей инвестициялар тартуды көздейді және облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін маңызды.

Қабылдау барысында жобаны іске асыруға қажетті техникалық шарттарды алу кезінде туындаған мәселелер қаралды.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті инвесторлардың өтініштерін қарастырып, туындаған мәселелерді, соның ішінде әкімшілік кедергілерге байланысты проблемаларды шешуге жәрдемдеседі. Бұл бағыттағы жұмыс инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін мәселелерді уақтылы жоюға, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.






