Жетісу прокуратурасы инвестордың 14,6 млн теңгеден астам қаржысын қайтаруға көмектесті

    Жетісу облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен инвестордың құқығын қорғап, кәсіпорынға артық төленген қосылған құн салығының (ҚҚС) 14,6 млн теңгеден астам сомасын қайтаруға көмектесті.

    Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жүзеге асырып жатқан Invest Caravan жобасы аясында инвесторға қолдау көрсетілді. Текелі қаласында «Steelers» ЖШС құны 8 млрд теңгеден асатын арматура өндіретін металлургиялық зауыттың құрылысын іске асырып жатыр. Жоба іске асырылғаннан кейін 160 жұмыс орны ашылады.

    Жобаны сүйемелдеу барысында прокуратура инвестордың технологиялық жабдықтарды импорттау кезінде қосылған құн салығын артық төлегенін анықтады. Заңнамада көзделген есепке жатқызу тетігінің болуына қарамастан, кәсіпорын бюджетке 14,6 млн теңгеден астам қаржы аударған.

    Инвестордың құқығын қорғау мақсатында прокуратура бұл мәселені Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қарауына енгізді. Тексеру нәтижесінде инвестордың уәждері расталып, артық төленген сома кәсіпорынға толық көлемде қайтарылды.

    Стратегиялық маңызы бар өнеркәсіптік жобаны іске асыру қосымша әкімшілік кедергілерсіз жалғасып жатыр.

    Прокуратура органдары инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңінде инвесторларды сүйемелдеу, әкімшілік кедергілерді жедел жою және бизнестің құқығын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

    Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (771) 131-04-44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары