1 / 4
Байсерке ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен №12 орта мектепте Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында білім беру саласының дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде еселі еңбек етіп жүрген мектеп директорлары мен педагогтер марапатталды.
Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп, болашаққа жол ашатын ұлы тұлға. Олардың қажырлы еңбегі мен кәсіби шеберлігі өскелең ұрпақтың білімді, тәрбиелі азамат болып қалыптасуына негіз болады.
Мерекелік кеш ұстаздарға деген құрмет пен алғыстың жарқын көрінісіне айналды.
Барша ұстаздарға шығармашылық табыс, кәсіби жетістіктер, зор денсаулық және шәкірттерінің биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!









