1 / 6
Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтау базасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – мұнай базасында өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекет ету дайындығын пысықтау, жеке құрамның кәсіби дағдыларын жетілдіру және төтенше жағдай кезінде өзара іс-қимылды үйлестіру.
Жаттығу барысында өртті сөндіру, шартты өрт ошағын оқшаулау және оның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша іс-қимылдар пысықталды.
Мұндай оқу-жаттығулар өрт сөндіру бөлімшелерінің дайындығын арттырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға және ықтимал қауіп-қатерлерді жедел жоюға бағытталған.









