Түркістан облысында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану мәселелері талқыланды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 3

    «Атамекен» палатасында өткен жиында кәсіпкерлерге газ баллондарын қолдану ережелері мен жаңа заң талаптары түсіндірілді.

    Түркістан облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Atameken» Кәсіпкерлік палатасының алаңында тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында жиналыс ұйымдастырды.

    Кездесу барысында тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, қолданыс мерзімі өткен және техникалық ақауы бар баллондарды қолдануға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы техникалық куәландырудан өткізу мәселелері жіті қаралды.

    Сонымен қатар, нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріліп, қолданыстағы заңнама талаптары, оның ішінде автомобильдік газ құю станцияларының қызметін реттейтін жаңа нормалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жиналыс қорытындысы бойынша белгіленген қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтау, кәсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін арттыру және тұрмыстық газ баллондарын пайдалану кезінде туындайтын авариялық жағдайлардың алдын алу шараларын күшейту қажеттігі атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары