1 / 3
19 қазан – құтқарушылар күніне орай түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің офицерлік құрамы арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру дайындығын жетілдіру, командалық рухты нығайту және әріптестер арасындағы ауызбіршілікті арттыру.
Жарыс барысында командалар өзара бақ сынап, спорттық шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Ойын тартысты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мұндай спорттық шаралар қызметкерлердің денсаулығын нығайтып қана қоймай, ұжымдық бірлікті арттыруға және қызметтен тыс уақытта өзара байланысты бекемдеуге ықпал етеді.









