«2026жылға арналған құқықтық оқыту сабақтарын өткізу туралы» бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы А.Махановамен 22.10.2026ж. «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыстық филиал ( бұдан әрі-Филиал) директорының орынбасары Ж.Ахетованың қатысуымен Филиалдың басқарма, қалалық және аудандық бөлімдері қызметкерлері арасында 2026 жылғы 9 ай қорытындысымен зейнетақы, жәрдемақыларды тағайындау барысында атқарылған жұмыстар және 01.01.2027жылдан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін жекелеген мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау тәртібіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар –кеңес өткізілді.
Семинарда уәкілетті орган өкілдерімен төлемдерді тағайындау бойынша Филиалдардың фронт-офис және бэк-офис қызметкерлерімен жіберілген кемшіліктердің алдын алу мен болдырмау жолдары және енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Сонымен қатар, зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін тағайындау барысында туындаған сұрақтарға заңнама аясында түсіндірмелер берілді.









