Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті
Жалпы ақпарат
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
1) өз құзыреті шегінде зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 5-6 қарашада Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірмежұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бүйрек ауруларымен, оның ішінде бүйрек трансплантациясын бастан өткерген мүгедектігі бар тұлғалардың куәландыру тәртібіне қатысты түсініктемелер берілді.
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ЖАЛАҒАШ, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ. Жалағаш, Сырдария аудандарында Руханият орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, аудан әкімі Ерлан Төрәлиев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Шәріпбеков, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қоғам өкілдері қатысты. Жиын барысында экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Әсіресе, мемлекеттік әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттау, халықтың әл-ауқатын арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап алды. Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру – баршамызға ортақ жауапкершілік.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ 5 қарашада Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында айқындалған басым бағыттарды кеңінен түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесулері өтті. Алдымен Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» зиялы қауым, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Мұрат Әбенов пен Жанар Бимұратқызы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Шәріпбеков қатысты. Келесі кездесу «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясында» энергетика саласының ардагерлері және жұмысшы мамандармен өткізілді. Аталған кездесуге Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Мейрамбек Жұмашев, Энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А. Сагимбаева қатысты. Кездесулер барысында Президент Жолдауында айқындалған елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы Жолдауында болашақ экономикасына көшудің құқықтық негізін қалыптастыру үшін жаңа Азаматтық кодекс қабылдаудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл бастама экономикалық қатынастарды заман талабына сай жаңғыртуға, кәсіпкерлік қызметтің құқықтық кепілдіктерін нығайтуға және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі. Осы орайда Жолдауда әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, азаматтардың экономикалық дербестігін қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше мән берілген. Сонымен қатар, электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету елдің экономикалық дербестігі мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды фактор екені атап өтілді. Мемлекет басшысы еліміздің 2029 жылға қарай электр энергиясын қажеттіліктен артық өндіретін деңгейге жетуі жөнінде стратегиялық міндет қойған болатын. Жолдауда Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы әлеуетіне де ерекше назар аударылып, күрделі климаттық жағдайға қарамастан, өңір диқандарының жүгері мен соя өсіру бағытында нәтижелі жұмыс атқарып жатқаны атап өтілді. Сондай-ақ Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда экономиканы жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, заңнаманы жетілдіру және инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері талқыланды. Жалпы, кездесулер барысында Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы басымдықтар кеңінен түсіндірілді.
Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытша баспана, әлеуметтік қолдау, оңалту және қоғамға бейімделу үшін қажетті көмек көрсетуге бағытталған қызмет түрі. Бұл қызметтің негізгі мақсаты – азаматтардың өмір сүру жағдайын жақсарту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, әлеуметтік бейімделуіне және қоғамға қайта қосылуына жағдай жасау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №263 бұйрығымен бекітілген Стандартқа сәйкес уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер мынадай санаттағы адамдарға көрсетіледі: * Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға; * Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға; * Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға; * Адам саудасының құрбандарына; * Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына. Қызмет көрсету тәртібі Арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтардың жеке қажеттіліктері мен өмірлік қиын жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып көрсетіледі. Уақытша болу ұйымдары тәулік бойы уақытша тұруға немесе түнгі уақытта уақытша болуға арналған. Қызмет алушыларға қажеттілігіне қарай мынадай қызмет түрлері ұсынылады: * Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер – уақытша тұруға, тамақтануға және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмек көрсету; * Әлеуметтік-медициналық қызметтер – денсаулық жағдайын бақылауға және медициналық көмек алуға жәрдемдесу; * Әлеуметтік-психологиялық қызметтер – психологиялық қолдау көрсету; * Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер – әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға жәрдемдесу; * Әлеуметтік-еңбек қызметтері – еңбекке бейімдеу және жұмысқа орналасуға көмектесу; * Әлеуметтік-мәдени қызметтер – бос уақытты ұйымдастыру және қоғамдық өмірге қатысуға жағдай жасау; * Әлеуметтік-экономикалық қызметтер – әлеуметтік қолдау шараларын алуға жәрдемдесу; * Әлеуметтік-құқықтық қызметтер – құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмектесу. Қызмет көрсету мерзімі Уақытша болу ұйымдарында қызмет көрсету мерзімі азаматтың санатына және қажеттілігіне байланысты белгіленеді. Жалпы жағдайда уақытша тұру мерзімі бір жылға дейін, ал адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына алты айға дейін көзделеді. Заңнамада белгіленген жағдайларда қызмет көрсету мерзімі ұзартылуы мүмкін. Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызмет алушылардың қауіпсіздігін, құқықтарының сақталуын және көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз етуге міндетті. Қызмет алушылар көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты ұсыныстар мен шағымдар беруге құқылы. Қорытынды Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету – өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарды қолдаудың маңызды тетігі. Басты міндет – азаматтарды уақытша баспанамен қамтамасыз етумен ғана шектелмей, олардың әлеуметтік бейімделуіне, дербес өмір сүруіне және қоғамға қайта оралуына ықпал ету.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №160 бұйрығымен бекітілген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2026 жылғы екінші жартыжылдығына арналған тізіміне сәйкес, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығы» КММ-де арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында профилактикалық бақылау жүргізді. Профилактикалық бақылау барысында қызмет алушыларға көрсетіліп жатқан арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көрсетілу тәртібі зерделенді. Профилактикалық бақылау нәтижесінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында бірқатар бұзушылықтар анықталып, оларды жою бойынша мерзімі белгіленген нұсқама берілді. Сонымен қатар, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың уақытша болуына арналған бейімдеу орталығы» КММ директоры, директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары, әлеуметтік қызметкерлері және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандарының қатысуымен ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес Уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы К. Сарсенов әлеуметтік қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме беріліп, сұрақтарына жауаптар берілді.
Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Жолдауы. Әлеуметтік саясат: табысты арттыру және азаматтарды атаулы қолдау Әлеуметтік саясат мұқтаждарды қолдауды әл-ауқатты өз бетінше арттыруға жағдай жасаумен ұштастыруы тиіс. Мемлекеттік ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және еңбек ету мүмкіндіктерін кеңейту басымдыққа айналуда. Президент негізгі қағидатты белгіледі: «Қайталап айтамын: мемлекеттік көмек шын мұқтаж адамдарға ғана берілуге тиіс. Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі – осы». Соңғы жеті жылда әлеуметтік саланы дамытуға 88 трлн теңге бағытталды. Сонымен қатар тиімсіз қолдау тетіктерін қайта қарау, негізсіз төлемдерді болдырмау және қаражаттың әділ бөлінуін қамтамасыз ету талап етіледі. Жаңа шешімдерді әлеуметтік осал азаматтардың жағдайын ескере отырып, алдын ала пилоттық режимде тексеру қажет. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өседі. Бұл 1,8 млн-ға жуық адамның, оның ішінде 370 мыңнан астам бюджет саласы қызметкерінің табысын арттырады. Шағын және орта бизнестегі жұмыспен қамтудың 4,5 млн адамға дейін өсуі кәсіпкерліктің халық табысын қалыптастырудағы маңызын көрсетеді. Әлеуметтік қолдаудың жаңа шараларын іске асыру кезінде Үкіметке атаулылықты, қаржылық тұрақтылықты және олардың азаматтар жағдайына нақты әсерін бағалауды қамтамасыз ету қажет. Бұл қосымша ресурстарды ең алдымен шын мәнінде көмекке мұқтаждарға бағыттауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік әділдік мемлекеттік көмектің мұқтаждарға жетуін, ал экономикалық дамудың адамдарға өз жағдайын жақсартудың нақты мүмкіндіктерін жасауын білдіреді.
Қызылорда облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық картограммасы
Жарияланды:
Статистика
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша 2026ж. 9 айда жүргізілген жұмыстар туралы
Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылғы 9 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 20 объектіге профилактикалық бақылау және 9 объектіге жоспардан тыс тексеру, барлығы 29 объекті тексеру шараларымен қамтылды. Профилактикалық бақылау жүргізілген 9 объектіде мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, 3 субъекті арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 8 субъекті арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы заңдылығына тексеріліп, нәтижесінде 60 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 30, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 9, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы – 21),оларды жою туралы 19 нұсқама берілді(мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 8, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 3, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы-8). Жоспардан тыс жүргізілген 9 объектіде мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 15 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 6 нұсқама берілді. Анықталған барлығы 75 заңбұзушылықтың 29 (39%) жойылған (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 2, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 5, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша – 22). Қалған 46 заңбұзушылықты (61%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген. 2026 жылғы 9 айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 24-нан 20-ға азайған. Заңбұзушылықтар саны 102-ден 75-ке, оларды жою жөнінде берілген нұсқамалар саны 34-ден 24-ке азайған. 2026 жылғы 9 айда жоспардан тыс 9 тексеру жүргізіліп, 5 лауазымды тұлғаға, және прокуратураның ұсынымымен 12 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 773 250 тенгеге 17 айыппұл салынып, толығымен бюджетке төленген. (2025 жылғы 9 айда жоспардан тыс 17 тексеру жүргізіліп, 1 лауазымды тұлғаға, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, 5 жеке кәсіпкерге және прокуратураның ұсынымымен 26 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 4 266 220 тенгеге 35 айыппұл салынып, оның ішінде 2 555 800 тенге төленген, қалған 1 710 420 тенге төленбеген.) 2026 жылдың 9 айында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен ҚР Әлеуметтік кодексінің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша «Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтук бағдарламалар бөлімі», «Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», КММ-де 4 дөңгелек стол өткізілді. Сонымен қатар, ҚР Әлеуметтік кодексінің мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша баспасөз беттерінде 6 мақала, Департаменттің ресми сайтында 37, Facebook-34, Instagram-33, Тiktok-20», Telegram-19» хабарлама жарияланды. Сәйкестік туралы декларация бойынша Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөліміне Сәйкестік туралы декларацияға қол қоюға 2026 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында 69 өтініш түсіп, оның 14 қол қойылды, 52 бас тартылды, 3 қаралу үстінде. Нысандарды бейімдеу 2023–2027 жылдарға арналған «Аманат» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы жоспарына сәйкес, Қызылорда облысы бойынша қолжетімділік интерактивті картасындағы объектілер жалпы саны – 2376. 2026 ж. 1 қазандағы жағдайы бойынша 1950 объектісі мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін толығымен бейімделген, яғни 82% орындалған. 2026 жылға 330 объектіні толығымен бейімдеу жоспарланған. Өңір атауы Қолжетімділік картасындағы нысандардың жалпы саны 2026жылғы жоспар (80%) % орындалуы Қызылорда облысы 2376 1950 (82%) 100 % Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысы бойынша мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша 35 713 өтініш берілген, оның 31 313 (87,7%).орындалған.
Жарияланды:
Статистика
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы қызмет көрсеткіштері 01.09.2026ж. жағдай бойынша
1.Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру1.1. Халық саны: 846,5 мың адам1.2. Төлем алушылар – 303 174Санаттар:-зейнеткерлер – 92 353 адам;- мүгедектік бойынша жәрдемақы – 25 427 адам;- асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы – 9 458 адам;- Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – 7 370 адам- 1,5 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы – 6 374 адам;- көп балалы аналар – 17 949 адам; - көп балалы отбасылар – 37 701 адам.- 18 жасқа дейінгі мүгедектік бойынша жәрдемақы – 6 749 адам;- 1-топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы – 2 695 адам; 1.3. Қаралған істер Барлығы: 72 427іс макеті, 2025ж. салыстырғанда 4,6%-ға азайды (75 915); Жаңа тағайындалғандар: 35 777 іс макеті (2025ж. салыстырғанда (39 332) 9,0% -ға азайған); Қайта қаралғандар: 36 650 іс макеті (2025ж. салыстырғанда 0,2%-ға көбейген (36 583); Бас тартылған: 1 120 іс макет (2025ж. салыстырғанда 40,6%-ға азайған (1885)(Тағайындаудан бас тартуға 987 іс (88,1%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған, қалған 133 іс (11,9%) құжаттарының толық болмауына байланысты).
Жарияланды:
Құжат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы
АНЫҚТАМА (Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен2026 жылдың 6 ай қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің нәтижелері туралы) Қызылорда қаласы 20.07.2026 ж. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі- Департамент) басшысының 03.07.2026ж. №34-н/қ бұйрығымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде арнайы жұмысшы тобы құрылып, бұл топпен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау қызметіне әсер ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдаумен Департамент қызметіне қатысты актілерде, ұйымдастырушылық–басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оның ішінде тексеру субъектілеріндегі тексерулер барысында заңнаманың сақталуы, жеке және заңды тұлғалар жолданымдарын қарау жайы қамтылды. Департамент халықты зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектерді әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Департамент бөлімдерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі –2026 жылғы 6 ай қорытындысы, талдау жүргізу аралығы 8.01 - 30.06.2026 ж. 2026 жылғы 6 айда Департамент құрылымында Департамент басшысы, Департамент басшының орынбасары және 6 бөлім. Департаменттің штат кестесі бойынша мемлекеттік қызметшілер саны – 29. Қызметшілер құрамы жағынан 30-39 жасқа дейін – 8 адам, 40- 49 жасқа дейін – 5 адам, 50-ден асқандар – 16 адам. Ұлт құрамы бойынша: 28 қазақ, 1 кәріс. Білімдері бойынша 29 қызметкер жоғары білімді, оның ішінде 11 - экономист, 2 - заңгер, 15 - дәрігер қызмет атқаруда. Департамент бойынша 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық санатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, Департамент қызметкерлерімен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, басқа да мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, 6 рет құқықтық оқулар өткізіліп, газет беттерінде 6 рет мақала жарияланды. Департамент қызметкерлері арасында қызмет барысында және қызметтен тыс кезде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін қолтаңбасын қойғызу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасымен белгіленген нормалар таныстырылған. Департамент басшылығымен қызметкерлер тарапынан этикалық нормалардың сақталуы ұдайы талап етіледі. Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары туралы декларацияның уақытылы тапсырылуы бақылауға алынған. Департаментпен әр тоқсан сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің заңнамаға сай толық, тиянақты қаралуы, оларға берілген жауаптардың толықтылығы мен объективтілігіне талдау жасалып, зерделеніп, нәтижесі аппараттық мәжілісте қаралып, тиісті шешім қабылдануда. 2026 жылғы 6 ай қорытындысымен жеке және заңды тұлғалардың 910 өтініші түсіп, оның 745 әкімшілік рәсім тәртібімен мерзімінде қаралып, 132 басқа мемлекеттік мекемелерге жолданып, 33 өтініш қаралу үстінде. Өтініштердің негізгі себептері еңбек өтілдерін растау бойынша, мүгедектігі бар адамдардың мүгедектік тобын қайта қарау. Департамент басшысының жеке қабылдауында 34 жеке тұлғаға, Департамент басшысының орынбасарының жеке қабылдауында 18 жеке тұлғаға заңнама талаптары түсіндірілді Есепті мерзімде ҚР ӘРПК-мен көзделген жолданымдарды қарау мерзімдерін бұзу фактілері орын алмаған. Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау және зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерімен мекемелер мен кәсіпорындарда профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер және мониторингтер жүргізу барысында және медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен мүгедектерді куәландыру барысында заңнама талаптарын бұлжытпай сақталуы бақылауға алынған. Instagram, Facebook, TikTok, Telegram әлеуметтік желісінде Департамент парақшасы ашылған, онда Департаменттің ағымдағы жұмыстары туралы жарияланымдар жарық көреді. Департаменттің ресми сайтында «Адалдық алаңы» арнайы бөлiгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ақпарат орналастырылған. 2026 жылғы 6 айда сыбайлас жемқорлық көрiнiстер жөнінде БАҚ-да Департамент қызметкерлерiне қатысты сыни жарияланымдар болған жоқ. Департамент басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау кестесі ғимараттың көпшілікке көрінетін жерінде орналастырылған, қабылдау уақыттары туралы ақпарат жартыжыл сайын облыстық басылымдарға жариялануда. Департаментке келіп түсетін арыз-шағымдарға арналған жәшік орналастырылған, «сенім телефоны» тұрақты жұмыс жасайды. Департамент қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын қабылдау, дайындау, сақтау, толтыру жұмыстары уақытылы және сапалы жүргізілген. Қызметкерлердің жұмыс уақыты есебінің табелі ай сайын жүргізіледі. 2026 жылғы 6 айда Департамент бойынша 115 бұйрықтар (негізгі қызмет- 49, жеке құрам – 66) жобасына құқықтық зерделеу жүргізіліп, қорытындысымен заңбұзушылықтар анықталған жоқ. Жеке құрам бойынша облыс өңірлеріне 24 іс-сапар жасалған. Іс-сапар нәтижелері бойынша заңбұзушылықтар анықталмаған. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау әр жартыжыл сайын жасалып, талдау қорытындысымен бөлімдерге тиісті ұсыныстар берілуде. Департамент қызметіне қатысты құқықтық актілер мен ішкі құжаттарда және нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Департамент бойынша 2026 жылғы 6 айда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi жұмыс тұрақты бақылауда және жалғастырылатын болады. Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеттері бойынша: - Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын зерделеу мақсатында 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында анонимді сауалнама жүргізілді; - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптары бұзылуының алдын алу мақсатында 2026 жылғы 6 айда 25 шара ұйымдастырылған (12 - дәріс, әлеуметтік желілер мен басылымдарда – 11 мақала, бейнесюжеттер 2); - Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген функциялары шегінде 7 мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңестер берілген. Департаменттің қызметшілеріне қатысты БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жағымсыз материалдар жарияланбаған, қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмаған. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі бойынша: Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі Департаменттің құрылымдық бөлімі болып табылады. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі республикалық бюджет қаражаты есебiнен: 1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау, 2) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау, 3) мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, 4) Еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істеген адамдарға арнаулы әлеуметтік төлем; 5) бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, 6) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау, 7) жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау, 8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, 9) көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау, 10) Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, 11) инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі, 12) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау, 13) банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау, 14) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру, 15)саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін бір жолғы ақшалай өтемақы тағайындау; 16)қайтыс болған зейнетақы және мүгедектігі бойынша төлем алушыларға жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақы тағайындау (өзгерту, қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады. Сонымен қатар, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіпте қарайды. Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 16 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 72 427 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетілді. 1120 іс макеттері бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Тағайындаудан бас тартуға 987 іс (88,1%) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейі ескерілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан артық болуы себеп болған. Қалғандарына 133 (11,9%)іс құжаттарының толық болмауынан бас тартылған. 2060 іс макет толықтыруға кері қайтарылған, оның 1842-жаңадан тағайындалған, 218 қайта қаралған зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған, бұл осы кезеңде бекітілген барлық іс-құжаттардың 2,8 % құрайды (72427). «Е-Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (бұдан әрі- ААЖ)және Орталықтандырылған дерекқордағы (бұдан әрі-ОДҚ)мәліметтерге мониторингтер жүргізіліп, қортындысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалына5 ақпараттық хат жолданған. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде 8 мемлекеттік қызметкер жұмыс атқарады (1 бөлім басшысы, 7- бас маман). Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік шара көрілмеген. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Лауазымдық міндеттер әр қызметкерге бірдей бөлінген. Бөлім бойынша есептемелер мен өзге де ақпараттық - талдау материалдары, анықтамалар белгіленген мерзімдерде ұсынылады. 3.Медициналық -әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі бойынша: Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу, мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер қоры ақпаратты жүйеде сапалы түрде қалыптастыруын қадағалау, мүгедектік себептеріне, құрылымына және жай-күйіне мониторинг жүргізу, халықтың мүгедектiк деңгейi мен себептерiн зерделейді. 2026ж. 6 ай қорытындыларымен шағымдану және бақылау бойынша жүргізілген қайта куәландыру барлығы -231, оның ішінде шағым бойынша -125, көзбе-көз -74, сырттай -51, барлық шешім өзгергені -49 (оның ішінде сырттай 26 (53,0%), көзбе-көз 23 (47,0%). Бақылау бойынша барлығы -106, өзгергені-56 (52,9%), күшінде қалғаны-50 (47,1%). Облыс бойынша 2897 адамға медициналық-әлеуметтік сараптама проактивті сырттай жүргізілген, бұл осы мерзімде жүргізілген жалпы 6223 куәландыру санының 46,6% құрады. Сырттай куәландырудың алғашқы мүгедектікке жолданғаны-628, оның ішінде топты жоғарлату-169, толық оңалту-98, жартылай оңалту-144, топ ішіндегі тұрақтылық-1271, кері қайтарылғаны-71, оның ішінде алғашқы-8, қайта куәландыдағы-7, ОЖБ бойынша -6, сапасыз жіберілгені-38, оның ішінде алғашқы-8, қайта куәландыру-11, ОЖБ бойынша -25. Кері қайтарылған актілер-960. Бөлімде 3 мемлекеттік қызметкер қызмет атқарады. Лауазымдық міндеттер әр қызметкерге бірдей бөлінген. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері бойынша (№1, №2, № 3): Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері – «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетуді, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөліктерін әзірлеу, еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты жарақат алған немесе денсаулығына басқа да зиян келтірілген қызметкердің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген қосымша көмек түрлері мен күтімге мұқтаждығын айқындау бойынша жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімдері болып табылады. Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі-МӘС) бөлімдерімен 2026ж. 6 айда 6223 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2025ж.6 айда – 6536 немесе 5.0%-ға төмендеген). Аталған кезеңде алғашқы мүгедектік тағайындау бойынша 1269 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде- 1248қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тағайындалған (2025ж. 6 айда-1321, 73 адамға төмендеген) Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 14,7% құрады. (2025ж. 6 айда- 15,6%). Республикалық көрсеткіш 13,8% құрайды. Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 866 ересек адамдардың еңбекке жарамды жастағылар 591- 47,4%,зейнеткерлер 275 - 22,0% құрады. 18 жасқа дейінгі балалар арасында- 382 балаға алғашқы рет мүгедектік тағайындалған, 2025ж 6 аймен салыстырғанда 73 балаға -16,0 % -ға төмендеген. 2026ж. 6 айда қайта куәландырудан өткен 4954 мүгедектігі бар адамдар арасынан, мүгедек деп танылғаны-3862, оның ішінде- 335 адам (8,0%) толық оңалған. Республикалық көрсеткіш 6,9%. (2025ж-462 (10,1%) РК-7,1). Қайта куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың 169 (11.9%) жартылай оңалтылған. Республикалық көрсеткіш 13,7% (2025ж. 6 айда – 182 (13,5%), сәйкесінше бұл көрсеткіш 1,6%-ға төмендеген). Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 235-6,9% құрады. Республикалық көрсеткіш 5,9 %. (2025ж. 6 айда бұл көрсеткіш 280-7.4% құраған, яғни биылғы 6 айда 0,5%-ке төмендеген). Есепті мерзімде медициналық мекемелермен МӘС-ға 93 (оның ішінде, 22 көзбе- көз негізсіз, 71 проактивті сырттай куәландыру бойынша, оның ішінде 23- негізсіз, 48- сапасыз)жолданған бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шаралар қолдану үшін 22 ақпараттық хат жолданды. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін 3 медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдеріне, әдіснама және бақылау бөліміне дыбысы жазылатын бейнекамералар орнатылған. Сонымен қатар, көшпелі сараптама өткізу кезінде қолдану үшін 3 дана бейнебақылау камерасы іссапарлар барысында қолданылуда. Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі бойынша: Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі – мемлекеттік мекемелерде және кәсіпкерлік субъектілерінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын Департаменттің құрылымдық бөлімі болып табылады. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету салалары бойынша талаптардың орындалуына тексерулер мен профилактикалық бақылауды жүргізеді. Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2026 жылғы 6 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 8 субъектіге профилактикалық бақылау және 4 субъектіге жоспардан тыс тексеру, барлығы 12 субъектіге тексеру шараларымен қамтылды. Профилактикалық бақылау жүргізілген 8 субъекті бойынша 21 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 8 нұсқама берілді. Жоспардан тыс жүргізілген 4 субъектіде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша, мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 2 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 2 нұсқама берілді. Анықталған барлығы 23 заңбұзушылықтың 20 (87%) заңбұзушылығы жойылған. Қалған 3 (13%) заңбұзушылықты жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген. 2026 жылғы 6 айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 7-ден 8-ге көбейген. Заңбұзушылықтар саны 37-ден 23-ке азайған, оларды жою жөнінде берілген нұсқамалар саны 7-ден 10-ға көбейген. 2026 жылғы 6 айда жоспардан тыс 4 тексеру жүргізіліп, 1 лауазымды тұлғаға, және прокуратураның ұсынымымен 12 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 340 750 тенгеге 13 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленген. (Анықтама үшін: 2025 жылғы 6 айда жоспардан тыс 6 тексеру жүргізіліп,1 лауазымды тұлғаға, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, 1 жеке кәсіпкерге және прокуратураның ұсынымымен 11 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 1 651 440 тенгеге 14 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді). Бөлім тарапынан есептемелер мен өзге де ақпараттық - талдау материалдары, анықтамалар, баяндамалар белгіленген мерзімдерде ұсынылады. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінде 4 қызметкер жұмыс атқарады. Есепті кезеңде тәртіптік жауаптылыққа тартылған қызметкерлер болған жоқ. Бөлімде мүдделер қақтығысы жағдайлары орын алмаған. Бөлімнің әр қызметкерінің лауазымдық жүктемесі бірдей бөлінген. Департаментпен алдағы уақытта орындалатын міндеттер: 1. Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерімен «Е–Макет» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау туралы мемлекеттік қызмет көрсетуде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалымен ұсынылған құжаттардың толықтығы мен негізділігін мұқият қарап, зерделеуді жүзеге асыру; 2. Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерімен «Мүгедектік немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету барысында медициналық мекемелердің дәрігерлік-кеңестік комиссияларының 031/е нысаны бойынша жолдамасы мен ұсынылған медициналық құжаттарды мұқият зерттеп, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» талаптарына сәйкес, обьективті шешім қабылдауға бақылауды күшейту; 3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды пәрменді жүргізу; 4. Бөлімдер қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында тиісті зерделеу және талдау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу. Жұмысшы топ жетекшісі: А. Сагимбаева Жұмысшы топ мүшелері: А. Маханова З. Нагиметова М. Жұмағалиева Д. Бектұрсынов
Жарияланды:
Ереже
положение департамента
Жарияланды:
Ереже
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі ережесі