Департаменттің №1 медициналық әлеуметтік сараптама бөлімімен белгіленген кесте бойынша 2026 жылғы 5-6 қарашада Жаңақорған және Шиелі аудандарында көшпелі куәландыру жүргізу барысында ДКК төрағаларының, медициналық мекемелер дәрігерлерінің қатысуымен жиналыс өткізіліп, медициналық ұйым дәрігерлеріне ҚР Премьер- Министрінің орынбасары- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.06.23ж. №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу Қағидалары» бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманы жүргізу тәртібіне қатысты түсіндірмежұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, бүйрек ауруларымен, оның ішінде бүйрек трансплантациясын бастан өткерген мүгедектігі бар тұлғалардың куәландыру тәртібіне қатысты түсініктемелер берілді.