МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАР ЖАЛАҒАШ, СЫРДАРИЯ АУДАНДАРЫНДА ТҮСІНДІРІЛДІ.
Жалағаш, Сырдария аудандарында Руханият орталығында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру мақсатында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, аудан әкімі Ерлан Төрәлиев, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Шәріпбеков, сондай-ақ аудан тұрғындары мен қоғам өкілдері қатысты.
Жиын барысында экономиканы дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру, ауыл шаруашылығын жаңғырту және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Әсіресе, мемлекеттік әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж азаматтарға бағыттау, халықтың әл-ауқатын арттыру және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, қойылған сұрақтарға жауап алды.
Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









