Ақмола облысында прокуратура органдарының 35 жылдығына орай 100 ағаш отырғызылды

    1 / 2

    Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының 35 жылдығы қарсаңында Ақмола облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Көкшетау қаласының жағалауында 100 ағаш отырғызды.

    Акция қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық жағдайды жақсартуға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Іс-шараға облыс прокуроры, прокуратура органдарының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

    Ақмола облысының прокуроры Құттықов Руфат Бауыржанұлы атап өткендей:

    «Ағаш отырғызу – халқымыздың ежелден келе жатқан жақсы дәстүрі. Прокуратура органдарының 35 жылдығына орай «Таза Қазақстан» акциясына өз үлесімізді қосып жатырмыз.

    Ата-бабамыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтпаған. Бүгін еккен көшеттеріміз үлкен ағаштарға айналып, ел игілігіне қызмет етсін!»

    Мұндай экологиялық бастамалар елді мекендерді көгалдандыруға ғана емес, халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, сондай-ақ әрбір азаматтың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары