Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Көлік министрі Асел Жанасова Армения Республикасына жұмыс сапары аясында Армения Премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорянмен және Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.
Кездесулердің басты тақырыбы – TRIPP (Trump Route for International Peace and Prosperity) көлік дәлізінің Қазақстан үшін транзиттік мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар, TRIPP бағытын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (Орта дәліз) жалғасы ретінде дамыту және оны халықаралық көлік-логистикалық желілермен байланыстыру мәселелері талқыланды.
TRIPP – Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік беретін бағыт. Бұл жоба халықаралық көлік дәліздерін әртараптандыруға, жаңа жүк ағындарын тартуға және өңірлік логистикалық байланысты нығайтуға жол ашады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика саласын стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындап, еліміздің Еуразиядағы жетекші транзиттік хабқа айналу міндетін қойған болатын. Осы мақсатта Қазақстан халықаралық көлік дәліздерін дамыту, жаңа бағыттарды ашу және транзиттік әлеуетімізді арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









