Stadler жаңа вагондары Астана – Алматы және Астана – Семей бағыттарына қатынайды

    1 / 9

    5 қарашадан бастап Stadler жаңа жолаушылар вагондарынан жасақталған № 3/4 «Нұрлы жол – Алматы-2» және № 153/154 «Нұрлы жол – Семей» пойыздарына билеттер сату басталады.

    Алғашқы пойыздар Астанадан Алматыға 11 қарашада, Семейге 13 қарашада жолға шығады. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады.

    Жаңа вагондарды іске қосу Мемлекет басшысының жолаушылар жылжымалы құрамын жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Жасалған келісімшартқа сәйкес, 2030 жылға дейін 557 жолаушылар вагонын кезең-кезеңімен жеткізу және оларға кейіннен сервистік қызмет көрсету көзделген.

    Вагондар еліміздің климаттық ерекшеліктері мен жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, Stadler Kazakhstan зауытында шығарылады. Купе вагондары 40 жолаушы орнына, ал плацкарт вагондары 56 орынға арналған.

    Жаңа вагондар заманауи климат-бақылау жүйелерімен, жеке жарықтандыру құралдарымен, кернеуі 220 В электр розеткаларымен, USB және USB-C порттарымен, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Сонымен қатар, жүріп-тұруы шектеулі жолаушылардың жайлы сапар шегуі үшін арнайы жағдайлар қарастырылған. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында пойыз құрамына ыстық тағамдар, сусындар мен жеңіл тағамдар сатып алуға болатын буфет вагондары енгізілген.

    Жолаушылар вагондары паркін жаңарту сапар жайлылығы мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, сондай-ақ теміржол тасымалы үшін заманауи жағдайлар жасауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі" жаңалықтары