Астаналық спортшы Рамазан Айнегов Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы IV жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Триатлон жарысында елордалық спортшы қашықтықты 53 минут 27 секундта бағындырып, жоғары нәтиже көрсетті. Рамазан Жапония өкілі Дайки Нисидзакимен бірге үшінші орын алды. Екі спортшы да мәре сызығын бір уақытта кесіп, жеңімпаздан небәрі 14 секундқа қалып қойды.
Жарыста 53 минут 13 секунд нәтижесімен португалиялық Артур Гашпар жеңіске жетті. Күміс медальді Люксембург өкілі Эмиль Ванолст 53 минут 23 секундта мәреге жетіп, иеленді.
Осылайша, Рамазан Айнеговтің қола жүлдесі Қазақстан құрамасының Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы екінші медалі болды. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, алтын медаль иеленген еді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









