Астанада «Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі аралықта Тәуелсіздік (Әл-Фараби) даңғылын салу» жобасын іске асыру аясында 5-30 қараша күндері Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған учаскеде жоба аясында жол төсемін салу жұмысын қоса алғанда, құрылыс жұмысы жүргізіледі.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруі қажет.
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









