Көкшетауда бейнебақылау камераларының көмегімен тонау күдіктілері анықталды

    Көкшетауда полицейлер 60 жастағы ер адамды тонаған күдіктілердің үшеуінің жеке басын анықтады. Қылмысты ашуға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектесті.
    Ағымдағы жылдың қыркүйегінде ер адам тонаудың құрбаны болды. Үш жас оған дене жарақатын салып, құжаттары, ұялы телефоны және ақшасы бар барсетканы ашық түрде ұрлап әкетті.
    Жәбірленуші полицияға арыз берді. Тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары басталды. Күдіктілерді ізін суытпай ұстау мүмкін болмағанына қарамастан, жедел уәкілдер олардың жеке басын анықтау жұмыстарын жалғастырды.
    Қараша айының басында полицейлер тонау фактісінің барлық үш қатысушысын анықтады. Олар колледждерде оқитын Зеренді ауданы ауылдарының тұрғындары болып шықты.
    Қазіргі уақытта тонау ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
    Полиция еске салады: бөтеннің мүлкін ашық ұрлау, әсіресе зорлық-зомбылықпен байланысты, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Тонау кезінде 102 нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласу қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары