Атырауда «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы қорытындыланды

    Атырауда «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы қорытындыланды Атырауда облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен «TOMIRIS» көшбасшы қыздар жобасы қорытындыланды.

    Қорытынды іс-шараға облыстың әр ауданынан келген белсенді қыздар қатысып, жоба барысында атқарылған жұмыстардың нәтижелері сараланды. Қоғамдық бастамаларға белсене қатысып, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген ұйым төрайымдары мен мүшелері арнайы марапаттарға ие болды.

    Жоба аясында облыс аудандарында қыз-келіншектердің көшбасшылық қабілетін дамыту, құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық белсенділігін қолдау бағытында бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар әр ауданда «TOMIRIS» көшбасшы қыздар ұйымдары құрылып, олардың төрайымдары сайланды.

    «TOMIRIS» жобасы – жас қыздардың көшбасшылық әлеуетін арттыруға, қоғамдық өмірге белсенді араласуына және жаңа бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беретін алаң. Жоба аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары