Түркістан облысында жылқыларын қараусыз жіберген тұрғындар жауапқа тартылды

    1 / 2
    Түркістан облысында полицейлер абаттандырылған аумақтардың бүлінуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды күшейтті. Бұл ретте жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тиімді қолданылуда.
    Мәселен, Ордабасы ауданында бейнебақылау камералары арқылы көше бойында қараусыз жүрген 27 бас жылқы анықталды. Жылқылардың егілген гүлдер мен көгалдарды таптап, абаттандырылған аумаққа зиян келтіргені камера жазбасына түскен.
    Мұны жедел байқаған полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, төрт түлікті арнайы мал қамайтын орынға айдап апарды. Тексеру барысында жылқылардың иелері анықталып, олардың әрқайсысына әкімшілік шара көрілді.
    Полиция қызметкерлері тұрғындарға малды қараусыз жіберудің заң алдында жауапкершілігі бар екенін ескертеді. Себебі иесіз жүрген мал жол-көлік оқиғаларына себеп болуы, сондай-ақ абаттандырылған аумақтарға зиян тигізуі мүмкін.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары