ЖАҢАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    1 / 5

    Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин аудандық мекеме басшыларымен бірге Жаңабұлақ ауылы тұрғындарын жеке қабылдады.

    Қабылдау барысында барлығы жеті азаматтың өтініші қаралды. Тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, жер және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

    Аудан әкімі әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары