БАЗАРТӨБЕ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

    1 / 7

    Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин аудандық мекеме басшыларымен бірге Базартөбе ауылдық округіне қарасты Базартөбе және Қызылжар ауылдарының, сондай-ақ Қарауылтөбе ауылдық округінің Қарауылтөбе ауылы тұрғындарын жеке қабылдады.

    Қабылдау барысында барлығы 6 азаматтың өтініші қаралды. Тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

    Аудан әкімі әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

    Сонымен қатар аудан басшысы Базартөбе ауылындағы жалпы орта білім беретін мектеп пен дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Нысандардың жай-күйін көріп, білім беру және медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелерге назар аударды.

    Тұрғындар көтерген мәселелердің шешілуі және берілген тапсырмалардың орындалуы аудан әкімінің жеке бақылауында болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары