Қазақстан Республикасының Елшісі Грузиядағы Апостолдық нунциймен кездесті

    Тбилиси, 3 қараша – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшісі Талғат Адуов Грузиядағы Апостолдық нунций Анте Йозичке ілтипат кездесуімен барды.

    Апостолдық нунций Қазақстан Елшісін қызметке тағайындалуымен құттықтады. Бұдан кейін тараптар мәдени және дінаралық өзара іс-қимыл мәселелерін, Қазақстан мен Ватиканның бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен күш-жігерін талқылап, Қазақстанда тұрақты түрде өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің рөлін ерекше атап өтті.

    Сұхбаттасушылар өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтіп, Грузияда мәдени жобаларды бірлесіп іске асыру перспективаларын талқылады.

    Армениядағы нунций қызметін қоса атқаратын Анте Йозич 2024 жылғы қыркүйектен бастап дипломатиялық корпустың дуайені ретінде оның қабылдаушы елмен өзара іс-қимылына жәрдемдесіп келеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Грузиядағы Елшілігі" жаңалықтары