7 қарашада Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және басқа да облыстардан келген фермерлік шаруашылықтардың қатысуымен ауқымды «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі басталады.
Жәрмеңке аясында 1 000 тоннадан астам ет өнімін сату жоспарланып отыр.
Соғым – қазақ халқының қысқа дайындықпен байланысты ежелден келе жатқан дәстүрлерінің бірі. Ата-бабамыз қыстық етін қамдап, отбасымен дастарқан басына жиналып, жақындарымен дәм бөліскен. Бүгінде «Соғым-FEST» осы дәстүрді заманауи форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен елорда тұрғындарын бір алаңда тоғыстырады.
Жәрмеңке қала тұрғындарына ет өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға, қысқы маусымға қажетті азық-түлік қорын дайындауға және отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдауға мүмкіндік береді.
Жәрмеңкелер әр демалыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін қаланың үш алаңында өтеді:
* «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;
* «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;
* «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.
Жәрмеңке өтетін орындарға қоғамдық көлікпен жетуге болады.
«Keruen Joly» және «Ет Әлемі» сауда орталықтарына №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
«Jurt» сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73 автобус бағыттары арқылы баруға болады.
«Соғым-FEST» – бұл жай ғана жәрмеңке емес, ұлттық дәстүрді жаңғыртуға, отандық өндірушілерді қолдауға және отбасылық бюджетке тиімді бағада қысқа азық-түлік қорын жинауға мүмкіндік беретін маңызды бастама.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









