«РУХАНИ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 6

    Аудан орталығындағы Өнер мектебінде «Рухани керуен» жобасы аясында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, рухани тәрбиенің маңызын кеңінен насихаттауды мақсат еткен басқосуға зиялы қауым өкілдері, сала мамандары, жастар мен мектеп оқушылары қатысты.

    Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, дәстүрлі рухани ұстанымдарды насихаттау, «Таза Қазақстан», «Адал азамат» бағдарламалары мен «Заң мен тәртіп» идеологиясының мән-маңызын түсіндіру. Сонымен қатар цифрлық дәуірдегі ақпараттық қауіпсіздік пен интернет кеңістігіндегі ақпараттық гигиена мәселелері де назардан тыс қалмады.

    Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, исламтану PhD докторы Алау Әділбаев, жайдарманшы, блогер Бақдәулет Жаманқұлов, актер әрі әнші Дәурен Абдиев, Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Медет Халықов қатысты.

    Басқосу барысында ұлттық тәрбие, ұрпақтар сабақтастығы, дәстүрлі құндылықтарды сақтау, жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы бірлік пен азаматтық жауапкершілікті нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.

    Спикерлер өз ойларын ортаға салып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Жастарға ақпаратты саралай білу, интернеттегі мәліметтерге сыни көзқараспен қарау, ұлттық болмыс пен рухани негізді сақтай отырып, заман талабына сай білім мен білік қалыптастыру жөнінде тағылымды ойлар айтылды.

    Ашық пікір алмасу форматында өткен кездесуде қатысушылар да белсенділік танытып, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауап алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары