Мәскеуде халықаралық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды

    1 / 5

    Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев «Ресей халықтары» халықаралық апталығы аясында «Халықаралық мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың форматтары, акторлары мен перспективалары» атты панельдік сессиясына қатысты.

    Іс-шараға, сондай-ақ РФ Президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой, А.М. Горчаков атындағы жария дипломатияны қолдау қорының атқарушы директоры Леонид Драчевский, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының атқарушы директоры Анатолий Иксанов, «Кино қорының» атқарушы директоры Федор Соснов, «ЗИЛАРТ» мұражай-көрме орталығы директорының орынбасары Мария Шашкова, «Вызов» ғылыми-мәдени байланыстарды дамыту қорының бас директоры Наталья Третьяк қатысты.

    Кездесуді ашқан М.Швыдкой Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасанды интеллект орталықтарын құру туралы айтқан таяудағы сөзіне тоқталып, бұл бағыттың республикада өте қарқынды дамып жатқанына назар аударды. Ол өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілігін білдіріп, ҚР басшылығының ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту жөніндегі сындарлы саясатына жоғары баға берді.

    Өз кезегінде Д.Абаев Қазақстанның тектоникалық технологиялық өзгерістерді ескере отырып дамып жатқанын, сонымен бірге өз дәстүрлерін және елде тұратын ұлттардың мәдени әртүрлілігін сақтап отырғанын жеткізді. Ынтымақтастықтың келешегіне тоқталған Елші жай ғана мәдени алмасудан бірлескен шығармашылыққа, ортақ жобаларды жүзеге асыруға және таланттарды қолдауға көшуге шақырды. «Гуманитарлық ынтымақтастықтың ең құнды нәтижелері дербес адами бастамалар үшін еркін кеңістік бар жерде пайда болатыны белгілі», – деп атап өтті ол.

    Тақырыпты жалғастыра отырып, А.Иксанов соңғы уақытта Қазақстанмен хореография және балет саласындағы бірлескен жобалардың белсенді дамып жатқанын, сондай-ақ республикада кинематографияға үлкен көңіл бөлінетінін айтты.

    Кездесуді қорытындылай келе, оған қатысушылар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың халықтар арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайту үшін ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті. Мәдени ерекшеліктерді құрметтеу және тең құқықты алмасу орнықты халықаралық байланыстардың негізін қалайды. Олардың дамуы мемлекетаралық іс-қимылға да, кәсіби қоғамдастықтардың, қоғамдық ұйымдардың және мәдени өмірдің жекелеген қатысушыларының бастамаларына да байланысты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі" жаңалықтары