Консулдық алымдардың мөлшерінде өзгерістер туралы
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөлімі өз келушілерінің назарын аударады: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 21 шілдедегі № 11-1-4/433 бұйрығына сәйкес, 2025 жылғы 9 тамыздан бастап консулдық алымдардың мөлшерінде өзгерістер енгізіледі. Паспорттын ресімдеу – 10.000 ресей рублі Қазақстан Республикасының визаларын беру Бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа – 8.000 ресей рублі Көп мәртелiк виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) бір жылға дейін - 20000 ресей рублі екі жылға дейін - 40000 ресей рублі үш жылға дейін - 60000 ресей рублі төрт жылға дейін -80000 ресей рублі бес жылға дейін -100000 ресей рублі Туристтік виза: бір мәртелік – 6000 ресей рублі көп мәртелік – 9000 ресей рублі Транзиттік виза: бір мәртелік – 2000 ресей рублі көп мәртелік – 9000 ресей рублі Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұру мәселелері бойынша қолдаухаттарды ресімдеу Шетелге жеке ісі бойынша барған Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұрақты тұруға қалу туралы қолдаухаттарын ресімдеу - 14000 ресей рублі Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі құжаттарды ресімдеу Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келу және отбасымен бірігу туралы қолдаухатын ресiмдеу – 10000 ресей рублі Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және азаматтығын қалпына келтiру туралы қолдаухатты ресiмдеу - 10000 ресей рублі Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы қолдаухатты ресiмдеу – 15000 ресей рублі Азаматтық хал актілерін тіркеу Тууды тiркеу және тиiстi куәлiктер беру – 2500 ресей рублі Неке қиюды тіркеу және неке туралы куәлiк беру - 3500 ресей рублі Неке бұзуды тіркеу тiркеу және неке бұзу туралы куәлік беру (әрбір куәлік үшін) - 4500 ресей рублі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен хабар-ошарсыз кетті деп немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдармен не қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен неке бұзуды тіркеу - 2500 ресей рублі Азаматтық хал актілері жазбаларының өзгеруі, толықтырылуы, түзетілуі және қалпына келтірілуімен байланысты құжаттарды ресімдеу - 2500 ресей рублі Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру - 2500 ресей рублі Құжаттарды талап ету Құжаттарды талап ету (әрбір құжат үшін) – 3000 ресей рублі Құжаттарды заңдастыру, сондай-ақ апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау Құжаттарды заңдастыру (әрбір құжат үшін) - 3500 ресей рублі Апостиль қою үшін құжаттарды қабылдау және одан әрі жолдау (әр бір құжат үшін) - 3500 ресей рублі Нотариаттық іс-әрекеттер жасау Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландыру – 5000 ресей рублі Мұраға құқық туралы куәлiктер беру – 5000 ресей рублі Ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер беру –5000 Ресей рублі Құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландыру - 3000 ресей рублі Құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру (әр бiр құжат үшiн) – 3000 ресей рублі Құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландыру – 4000 ресей рублі Азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру – 2500 ресей рублі Азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландыру – 2500 ресей рублі Құжаттар берiлген уақытты куәландыру – 2500 ресей рублі Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға беру – 3000 ресей рублі Дәлелдемелерді қамтамасыз ету – 3000 ресей рублі Заңдық мәні бар басқа да құжаттар (анықтамалар) беру - 5000 ресей рублі