ҚР РФ Елшісі Д.Абаев цифрлық технологиялар қарқын алған дәуірдегі мүмкіндіктер мен сын-қатерлер туралы айтты

    1 / 5

    Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев «Ресей халықтары» халықаралық апталығы аясында өткен «Берегейлікке сұраныс немесе медиа мәдени егемендікті қорғау жолында. Халықаралық тәжірибе» атты панельдік сессияға қатысты.

    Іс-шараға, сондай-ақ РФ Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары Алексей Шевцов, Россотрудничество басшысының орынбасары Алексей Клещев, Мәскеуде аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері, ресейлік телеарналар мен онлайн-платформалардың басшылары, сарапшылар және журналистер қатысты.

    Өз сөзінде Елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың цифрландыруды мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының қатарына жатқызғанын еске салды. Сонымен қатар, Д.Абаев дұрыс теңгерімді сақтаудың маңыздылығына назар аударды: заманауи технологияларды қолдану мен технологиялық дербестікке ие болу - екі бөлек ұғым.

    Ол цифрлық технологиялар жаңа мүмкіндіктермен қатар, жаңа сын-қатерлерді де алға тартатынын атап өтті. Олардың қатарында - назарды басқару, шынайы оқиғаны оның интерпретациясымен алмастыру, мәдени бейнелерді қайта жаңғыртуда жасанды интеллектті қолдану мәселелері бар. «Технология мәдениеттің сыртқы пішінін ғана қайталай алады. Ал оның жанын тек адамдар ғана сақтап қала алады. Сондықтан цифрлық даму ұлттық мәдениеттің шынайы адамзаттық тәжірибемен байланысын үзбей, өмір сүруі мен дамуына септігін тигізуі тиіс», - деп атап көрсетті Д. Абаев.

    Сондықтан, қазіргі жағдайда технологиялардың дамуы мен мәдени егемендік арасындағы теңгерімді іздеу және оны сақтау ерекше маңызға ие: бұған қол жеткізген жағдайда оң нәтижелерге үміт артуға болады, - деп түйіндеді ол.

    Анықтама үшін:

    «Ресей халықтары» халықаралық апталығы 2-8 қараша аралығында өтуде және ол 4 қарашада атап өтілетін Халық бірлігі күніне орайластырылған. Іскерлік бағдарлама аясында 50-ден астам елден келген қатысушылар мемлекеттік ұлттық саясат, халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық, мәдени мұраны сақтау және заманауи технологиялардың мәдени бірегейлікке әсері мәселелерін талқылайтын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі" жаңалықтары