Актриса Наталия Арынбасарова ТҮРКСОЙ алтын медалімен марапатталды

    1 / 4

    Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталия Арынбасарова ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының Құрметті алтын медалімен марапатталды.

    ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Сұлтан Раевтың құттықтауында атап өтілгендей, бұл марапат актрисаның мерейтойына орай және түркі әлемінің кинематография өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан ерекше үлесін мойындау белгісі ретінде берілді.

    Медальді табыстау рәсімінде Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Наталия Арынбасарованың қатысуымен түсірілген фильмдер отандық киноның классикасына айналғанын, ал оның сомдаған бейнелері миллиондаған көрерменнің жүрегінен орын алғанын ерекше атап өтті. Ол актрисаға денсаулық, бақ-береке және жаңа шығармашылық табыстар тіледі.

    Марапаттау шарасы аясында ҚР РФ Елшілігінің фойесінде актрисаның жарқын кинокарьерасын бейнелейтін фотокөрме ұйымдастырылды.

    Наталия Арынбасарова 70-тен астам фильм мен телесериалға түскен, олардың қатарында «Алғашқы мұғалім», «Жәмила», «Мәншүк туралы ән», «Транссібір экспресі», «Ұлан», «Ләйләнің мінажаты», «Мұстафа Шоқай», «А»-ға оралу», «А.Л.Ж.И.Р.» және т.б. бар. Ол бірқатар сыйлықтар мен марапаттарға, соның ішінде «Алғашқы мұғалім» фильміндегі үздік әйел рөлі үшін Венеция кинофестивалінің беделді «Вольпи кубогына» ие болған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі" жаңалықтары