Күзгі жиын-терім аяқталып, дала еңбегінің жемісі сараланатын шақта Ордабасы ауданында дәстүрлі «Алтын күз – 2026» мерекесі аталып өтті. Молшылықты дәріптеген шарада ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегі ұлықталып, саланың жылдық қорытындысы жарияланды.
Орталық алаңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі мен көрмесі ұйымдастырылып, киіз үйлер тігіліп, жергілікті шаруалардың өнімдері көпшілікке ұсынылды. Ордабасы өнімдерінен әзірленген көркем композициялар мерекенің сәнін келтірді.
Аудан әкімі Азат Оралбаев қонақтармен бірге ауыл шаруашылығы техникалары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары мен жергілікті өнімдер көрмесін аралады. Ал театрландырылған «Алтын күз» шеруінде бидай мен мақта бейнесіндегі киім киген өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, мерекеге ерекше көрік берді.
Салтанатты жиында аудан әкімі биылғы 9 айдың қорытындысына тоқталды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 63 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 млрд теңгеге артқан. Диқандар 71 512 гектар алқаптан 382 752 тонна өнім жинаса, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 15,2 млрд теңгені құрады. Су үнемдеу технологиялары енгізіліп, 135 жаңа тезникамен толықты. Мал шаруашылығы мен жылыжай саласында да өсім бар.
Аудан басшысы бұл нәтижелер шаруалардың табанды еңбегінің жемісі екенін атап өтіп, ауыл шаруашылығын жаңғырту мен өндіріс көлемін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатынын жеткізді.
Мерекеде сала үздіктері назардан тыс қалмады. Жылыжай шаруашылығы, мал бордақылау, мақта, жүгері, астық және құс шаруашылығы бағыттарында жоғары нәтиже көрсеткен ауыл округтері марапатталды. Ал агроөнеркәсіп кешенін дамыту көрсеткіштері бойынша І орынды Төрткүл, ІІ орынды Қажымұқан, ІІІ орынды Шұбарсу ауыл округтері иеленді. Сондай-ақ бірқатар еңбек озатына республикалық марапаттар мен Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік бағдарлама қазақша күрес пен ұлттық спорт ойындарына ұласып, аудан өнерпаздары мен «Шабыт» би тобы өнер көрсетті. Кештің арнайы қонағы, аудан тумасы Әділет Жауғашар әннен шашу шашты.
«Алтын күз» – жыл бойғы еңбектің бағасын беріп, ел ырысын еселеген шаруаларға құрмет көрсететін берекелі мереке. Биылғы думан да Ордабасыдағы ауыл шаруашылығының әлеуетін айқындап, еңбек пен молшылықтың мерейін асырды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
1 / 6
Ұқсас материалдар

Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев «Atameken Business» телеарнасының Exclusive бағдарламасында Авторлық құқық пен зияткерлік меншікті қорғауға арналған платформаның іске қосылуы туралы айтты
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
"Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары

ЕЛДІК РУХЫН ҰЛЫҚТАҒАН МЕРЕКЕ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛЮМИНИЙ КОМПОЗИТТІК ПАНЕЛЬДЕР ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 9 МЛРД ТЕҢГЕЛІК МАЛ СҮЙЕГІН ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ!
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу