19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамымен кездесіп, сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Кездесуде аудан әкімі құтқарушы мамандығының қоғам үшін маңызына тоқталып, адам өмірін сақтап қалу жолындағы қызмет батылдықты, кәсіби біліктілікті және жоғары жауапкершілікті талап ететінін атап өтті.
– Құтқарушы болу – жүректілік пен табандылықты, кәсіби шеберлік пен үлкен жауапкершілікті талап ететін абыройлы міндет. Қауіп-қатерге қарамастан, қиын сәтте көмекке келіп, адам өмірін арашалау – нағыз ерліктің белгісі. Сіздер төтенше жағдай кезінде бірінші болып көмекке ұмтылып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Еңбектеріңізге табыс, қызметтеріңізге сәттілік, өздеріңізге амандық тілеймін, – деді Азат Оралбаев.
Өз кезегінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жомарт Қоспанов мереке күні арнайы келіп, қызметкерлерге құрмет көрсеткені үшін аудан әкіміне алғысын білдірді. Сондай-ақ құтқарушылардың жауапты қызметіне тоқталып, әрбір кезекшіліктен аман оралудың олар үшін де, жақындары үшін де маңызды екенін атап өтті.
Кездесу соңында аудан басшысы бірқатар қызметкерді Алғыс хаттармен марапаттап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы еңбектеріне ризашылығын білдірді.
Өзгенің өміріне араша түсіп, ел басына күн туған сәтте көмекке ұмтылатын құтқарушылардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Құтқарушыларға қызметте сәттілік, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық тілейміз!
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
1 / 10
Ұқсас материалдар

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ БАСТАЛУЫ
Талас ауданының әкімдігіАшу
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫ 9 АЙДА 18,1%-ҒА ӨСТІ
Талас ауданының әкімдігіАшу
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА 21 248 ЛОТ БОЙЫНША КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Талас ауданының әкімдігіАшу
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЕНГІЗІЛУДЕ
Талас ауданының әкімдігіАшу
САРЫСУ АУДАНЫНДАҒЫ №28 СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Талас ауданының әкімдігіАшу
"Ордабасы ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ!
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП, ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІСІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
«ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ» МӘДЕНИ КЕШІ ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНЫҢ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу