ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ
Жамбыл облысында полиция қызметіне заманауи технологияларды енгізу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте баяндалды.
БЕЙНЕБАҚЫЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙТІЛУДЕ
Облыс аумағында «Кілемді бейнебақылау» жобасы аясында 91 214 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 24 488 камераның бейнебейнелері Жедел басқару орталығына және полиция бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне шығарылған. Бұл жалпы камералар санының 27 пайызын құрайды.
Жыл басынан бергі тоғыз айда ғылыми-техникалық құралдар мен бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 297 қылмыс ашылған. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Облыстағы 1 121 білім беру объектісінің 1 073-і








