Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды

    1 / 2

    Жетісу облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен күштік құрылымдар қызметкерлері арасында самбодан турнир өтті. Жарыс қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан, ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, полиция капитаны Ержан Боранбайұлы Ахметовтің рухына арналды.

    Турнирде Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

    1-орын — Айбол Жұмақалымов, Ескелді ауданы №13 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;

    2-орын — Санжар Жақсылықбаев, Кербұлақ ауданы №9 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;

    3-орын — Алибек Кабдрахымов, Талдықорған қаласы №2 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы.

    Жеңімпаздар медальдармен және грамоталармен марапатталды. Құтқарушылардың бұл жетістігі олардың табандылығы мен жоғары спорттық дайындығын көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары