Табиғи өрт толық сөндірілді

    Жетісу облысының Сарқан ауданында Құрақсу орманшылығының Борлытөбе орман шаруашылығы аумағында құрғақ шөп пен қамысты шарпыған табиғи өрт толық сөндірілді.

    Өрт 21 қазанда Құрақсу ауылынан 15 шақырым жерде шыққан. Құрғақ өсімдіктерді шарпыған жалынның одан әрі таралу қаупі туындаған.

    Өртті ауыздықтауға 40-қа жуық жеке құрам мен Төтенше жағдайлар министрлігі және орман шаруашылығының 10 техникасы жұмылдырылды.

    Тілсіз жаумен күреске әуеден де қолдау көрсетілді. «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы «Қазавиорманқорғау» қызметінің үйлестіруімен жалпы көлемі 11,4 тонна су төгіп, 19 рет әуеден су шашу жұмыстарын жүргізді. Бұл өртті сөндіру жұмыстарына, әсіресе жетуі қиын аумақтарда, айтарлықтай қолдау көрсетті.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде табиғи өрт толығымен сөндірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары