1 / 7
Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде көне шаһардың рухани мұрасын заманауи технологиялармен ұштастыру мақсатында «Түркістан – ұлы тарихтың жалғасы» атты жобалар байқауы мен көрмесі өтті.
Көрмеде суретші Аңсаған Мұстафаның фотожұмыстары мен жас IT маманы Ғасыр Құралбайдың жасанды интеллект арқылы әзірлеген болашақ Түркістанның көріністері таныстырылды.
Байқау аясында Түркістан өңірінен шыққан көрнекті тұлғалар – Өзбекәлі Жәнібеков, Бекзат Саттарханов, Райымбек Сейтметов, Нәзір Төреқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Нұртас Оңдасынов сынды тарихи тұлғалардың өмірі мен мұрасын зерделеуге арналған жобалар ұсынылды.
Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жастардың ізденісі мен шығармашылық бастамаларына қолдау білдіріп, үздік деп танылған 13 жоба авторын марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі









