1 / 5
28 қазанда Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирден тыңдады.
Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, инфрақұрылымды жаңғыртуға, экономиканы нығайтуға және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды. 2029 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлу жоспарланып отыр.
Жолдау елдің одан әрі дамуының маңызды бағдарларын айқындайды. Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері үшін халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау басты басымдық болып қала береді.









