САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕКТЕГІ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

    1 / 9


    Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіндегі кәріз тазалау кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысып, жобаның жүзеге асырылу барысын пысықтады.

    Аудан әкімі жауапты сала мамандары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге нысандағы жұмыстардың сапасы мен қарқынын талқылап, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

    Көктерек кентіндегі кәріз тазалау кешенінің құрылысын «Сарыағаш Аман» ЖШС жүргізуде. Бүгінде нысанда негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарының басым бөлігі атқарылған.

    Атап айтқанда, жалпы ұзындығы 6036 метр кәріз құбыры тартылып, бір кәріздік сорғы станциясы мен үш сарқынды су қабылдау камерасы орнатылды. Сондай-ақ төрт биологиялық тазарту резервуарының бетондау жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек, ұзындығы 455 метр қоршау тұрғызылып, екі өрт сөндіру резервуарының құрылысы толық аяқталды. Қазіргі уақытта операторлық бөлмелер мен сарқынды сулардағы қалдықтарды тазарту ғимаратының іргетасын дайындау жұмыстары жүргізілуде.

    Қазіргі уақытта операторлық ғимарат пен қалдық суларды тазалау нысанының құрылыс жұмыстары жалғасуда. Аралық жабынды орнатуға дайындық жүргізіліп, авариялық жағдайда пайдаланылатын төрт су қабылдау қоймасының құрылысы атқарылуда.

    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары