«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында кітап алаңын ашты

    1 / 4

    «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында Қазмедиа орталығының коворкинг аймағында қызметкерлерге арналған кітап алаңын ашты.

    Бастама ұжым арасында кітап оқуды насихаттауға, әдебиетке қызығушылықты арттыруға және қызметкерлердің кәсіби білігін жетілдіруге бағытталған.

    Алаңдағы сөрелерге 800-ден 1 000-ға дейін басылым жинақтау көзделген. Қызметкерлер оларды өздеріне қолайлы уақытта оқи алады. Алдағы уақытта осы бастаманы жалғастыру үшін ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспары әзірленбек.

    Іс-шараның ашылу рәсімінде ақын, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Телехикаялар өндірісі бөлімінің шеф-редакторы Олжас Қасымның екі жыр жинағы таныстырылды.

    Корпорация телеарналар, радио және цифрлық платформалар арқылы кітап оқуды жүйелі түрде насихаттап келеді. Эфирде әдеби мұраға арналған бағдарламалар көрсетіліп, жасанды интеллект технологияларының көмегімен қазақ ертегілерінің анимациялық нұсқалары әзірленген.

    Кітап оқу мәдениетін дамыту тақырыбы алты арнайы жоба мен 1 263 телебағдарламада қамтылды. Сонымен қатар 18 деректі фильм, 40-тан астам бейнеролик және 300-ге жуық радиохабар көпшілікке ұсынылды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары