Астанада қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілді

    1 / 3

    Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қандай инвестициялық жобаларға қолдау көрсетілгені туралы жазды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    «Қалаға жеке инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Инвестициялық штаб отырысында бірқатар жобаны қарадық. Мәселен, шыны пакеттері мен қасбеттік жүйелер өндіретін зауыт, лифт, эскалатор және өзге де көтергіш механизмдер шығаратын өндірістік-технологиялық орталық, алкогольсіз сусындар шығаратын өндірістік-логистикалық кешен, қойма орындары бар косметика және парфюмерия өндіретін кәсіпорын салу жобалары және басқа да бастамалар талқыланды.

    Ұсынылған жобаларға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 40 млрд теңгені құрайды. Оларды 2026-2029 жылдары іске асыру жоспарланып отыр, соның нәтижесінде 1 700-ден астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

    Былтыр елорда экономикасына шамамен 2,5 трлн теңге инвестиция салынды. Олар өңдеу өнеркәсібі, логистика, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым және экономиканың өзге де негізгі салаларындағы жобаларға бағытталды.

    Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын тұрақты түрде өткізіп, жобаларды жүзеге асырудың барлық кезеңінде инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетеміз», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары