«Ұлттық мінез бен патриотизм көрінісі»: Астанада республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    1 / 10

    Астана қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейде «Ұлттық мінез бен патриотизм көрінісі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Ауқымды іс-шара Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейдің ұйымдастыруымен өткізілді. Конференцияның басты мақсаты – «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын Бауыржан Момышұлының рухани мұрасымен сабақтастыра отырып насихаттау, ұлттық тәрбие мен патриоттық құндылықтарды білім беру үдерісіне кіріктірудің тиімді жолдарын айқындау, сондай-ақ ғалымдар, педагогтер мен білім алушылар арасындағы ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты нығайту. Ұлттық рух, тарихи жады және заманауи білім – конференцияның негізгі өзегі.

    Конференция аясында ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру ұйымдарын басқару, тәрбие жұмысының заманауи тәсілдері, ұлттық құндылықтарды пән мазмұнына кіріктіру, Бауыржан Момышұлының рухани-патриоттық мұрасы, жаһандану дәуіріндегі ұлттық бірегейлік және отбасы, мектеп пен қоғамның өзара серіктестігі мәселелері талқыланды.

    Іс-шара пленарлық отырыс, секциялық отырыстар, озық педагогикалық тәжірибелерді таныстыру форматында ұйымдастырылды. Конференция барысында ұлттық тәрбиенің озық тәжірибелері сараланып, құндылықтарға негізделген басқарудың тиімді тетіктері, инновациялық педагогикалық әдістер мен білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының нәтижелі тәжірибелері ұсынылды.

    «Ұлттық мінез – ұлт болмысының айнасы, ал патриотизм – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі». Республикалық конференция педагогикалық қауымдастықтың кәсіби тәжірибе алмасуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тың бастамаларды қолдауға және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік берді. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың үздік мақалалары электрондық жинаққа енгізіліп, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары