Жас қызметкерлердің психологиялық бейімделуіне арналған тренинг

    1 / 4

    Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің психологтары азаматтық қорғау органдарының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне арналған тренинг өткізді.

    Қатысушылар танысу, команда құру және коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған жаттығулар орындады. Сонымен қатар стресске төзімділік деңгейін бағалау мақсатында психологиялық диагностика жүргізілді.

    Іс-шара жас мамандардың қызметке бейімделуіне, ұжымдық өзара байланысты нығайтуға және күйзелісті жағдайларды еңсеру дағдыларын дамытуға бағытталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары