Қарағандыда бейнебақылау камерасы көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті

    Қарағандыда бейнебақылау камерасы көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті. Қарағандыда автокөліктен құрал-саймандар ұрлау дерегі ашылды. Қылмыс күдіктіні анықтауға мүмкіндік берген бейнебақылау камерасының көмегімен әшкереленді. 36 жастағы қала тұрғыны таңертең үйінің ауласында тұрған көлігінен бағалы заттарының жоғалғанын байқаған. Белгісіз адам көліктің құлпын бұзып, салоннан дәнекерлеу аппаратын және кәсіби құрал-саймандар жиынтығын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі 180 мың теңгені құрады. Оқиға орнына жақын орналасқан бейнебақылау камерасы ұрлық сәтін тіркеген. Жазбаларды зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Күдікті жәбірленушінің көршісі болып шыққан 35 жастағы ер адам екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттай дәлелдемелер тәркіленді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары