Қарағанды облысында миллиондаған теңгенің мүлкі ұрланды: қала тұрғыны тасымалдаушыларды алдап, өзгенің металын сыныққа өткізген. Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері жергілікті компания аумағынан мүлікті ірі көлемде ұрлау дерегін ашты. Қаланың 48 жастағы тұрғыны серіктестіктердің бірінде ауызша келісім бойынша қосалқы жұмысшы болып еңбек еткен. Аумақты тазалау кезінде ол қоймада жиналып тұрған металл ыдыстарды, сондай-ақ профильді құбырлар мен металл табақтарды байқайды. Қаржылық қиындықтарға тап болған ер адам өзгенің мүлкін ұрлап, сатуға шешім қабылдаған. Ойын жүзеге асыру үшін күдікті бірнеше рет қоршаудан асып өтіп, металл бұйымдарды сыртқа алып шыққан. Ұйымға келтірілген жалпы шығын шамамен 4 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрланған металл сынықтары өткізілген қабылдау пунктін анықтап, сондай-ақ ұрланған мүлікті тасымалдаған жүк көлігінің жүргізушісін тапты. Белгілі болғандай, күдікті жүргізушіні алдап, металдың өзіне тиесілі екеніне сендірген. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды. Қылмыстық іс материалдары сотқа жолдауға дайындалуда.
Қарағанды облысында миллиондаған теңгенің мүлкі ұрланды: қала тұрғыны тасымалдаушыларды алдап, өзгенің металын сыныққа өткізген
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Берн қаласында Республика күні салтанатты мерекеленді
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАшу
Қазақстан мен Грузияның сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Грузиядағы ЕлшілігіАшу
Орталық Азия мемлекеттері мен Грузия сыртқы істер министрлерінің кездесуі туралы
Қазақстан Республикасының Грузиядағы ЕлшілігіАшу
Қазақстан мен Грузия ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасының Грузиядағы ЕлшілігіАшу
Ақмола облысынан халықаралық тарихи экспедиция жолға аттанды
Ақмола облысының ішкі саясат басқармасыАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қарағанды облысының полицейлері Республика күніне орай марапатталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағандыда маман ретінде жүріп, кабель ұрлаған күдікті бірнеше көшені интернетсіз қалдырған
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Мас жүргізушілер мен агрессивті жаяу жүргіншілер: Қарағанды өңірінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қалай өтуде?
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды облысында бұрынғы жұмыс берушілерін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қылмыстық «тандем»: Қарағандыда бөтен велосипедтерді ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу