Мас жүргізушілер мен агрессивті жаяу жүргіншілер: Қарағанды өңірінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қалай өтуде? Қарағанды облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Рейдтің алғашқы тәулігінде патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 6 жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті. Оқиғалардың бірі облыс орталығында тіркелді. Патрульдік экипаждың назарына маневр жасау қағидаларын елемей, жолда апатты жағдай туғызған Mercedes-Benz автокөлігі іліккен. Құжаттарды тексеру барысында тәртіп сақшылары жүргізушіден алкогольдің өткір иісін сезген. Медициналық куәландыру ер адамның орта дәрежеде мас болғанын растады. Деректер базасын тексеру кезінде құқық бұзушының бұған дейін де осындай әрекеті үшін жауапқа тартылғаны анықталды. 2023 жылы ол осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін көлік басқару құқығынан айырылған. Тағы бір мас күйдегі жол қозғалысына қатысушы Ботақара кентінде ұсталды. Патрульдік полиция қызметкерлері құжаттарын тексеру үшін мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан. Оның мас болуы мүмкін деген күдік туындап, сараптама нәтижесінде ер адамның алкогольдік масаң күйінің орташа дәрежеде екені анықталды. Бұдан бөлек, Қарағанды қаласында полицейлер екі жаяу жүргіншінің бұзақылық әрекеттерінің жолын кесті. Ер адам мен әйел адам көшеде өтіп бара жатқан адамдарға қатысты агрессивті мінез-құлық танытқан. Оларды наркологиялық сараптамаға жеткізу нәтижесінде орынсыз әрекеттерінің себебі белгілі болды: ұсталғандардың қанынан синтетикалық α-PVP есірткісінің метаболиттері анықталды.
Мас жүргізушілер мен агрессивті жаяу жүргіншілер: Қарағанды өңірінде «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ қалай өтуде?
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Қазақстан мен Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАшу
Құрметпен шығарып салу - ізгі дәстүр
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшуV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары алтыншы жарыс күнінде 5 медаль жеңді
ҚР ТСМАшу
ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қарағанды облысында миллиондаған теңгенің мүлкі ұрланды: қала тұрғыны тасымалдаушыларды алдап, өзгенің металын сыныққа өткізген
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды облысында бұрынғы жұмыс берушілерін тонаған жүк тиеуші сот алдында жауап береді
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қылмыстық «тандем»: Қарағандыда бөтен велосипедтерді ұрлады деген күдікпен ер адам мен әйел ұсталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды облысында Kia автокөлігінің алдыңғы әйнегіне бөтелке тиіп, зақым келді
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды полицейлері мен такси жүргізушісі алаяқтық схеманың жолын кесті: зейнеткердің 3 миллион теңгесі өзінде қалды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу