Берн, 23 қазан -Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі Республика күніне орай салтанатты қабылдау өткізді. Іс-шараға министрліктер мен дипломатиялық корпустың өкілдері, іскерлік және академиялық топтар, сондай-ақ Швейцарияда тұратын қазақстандықтар қатысты.
Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов құттықтау сөзінде қонақтарға Президент Қ.К. Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру бағыты аясында билік тармақтары арасында оңтайлы тепе-теңдікті қалыптастыруға және экономиканы, адами капиталды, білім беру мен инновацияларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған конституциялық реформаның нәтижелері туралы баяндады.
Екіжақты дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 35 жыл толуы қарсаңында Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықсерпіндідамып келеді. Бұған биыл жүзеге асырылған екіжақты сапарлар дәлел бола алады; олардың нәтижесінде сыртқы саясат, сауда және инвестиция, көлік, сондай-ақ ғылым мен технология салаларындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Елші Швейцарияның еліміздің жетекші сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала беретінін, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар Швейцария және Лихтенштейнмен өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге кең мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Кештің құрметті қонағы, Швейцария Федералдық сыртқы істер департаментінің Еуразия бөлімінің директоры,Елші Пьер-Ив Фукс өз сөзінде Қазақстанға бейбітшілік пен өркендеу тіледі. Ол екіжақты қарым-қатынастардың серпінді сипатына тоқталып, барлық салаларда одан әрі жемісті ынтымақтастық орнату әлеуеті бар екенін атап өтті. Швейцариялық дипломат БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да көпжақты ұйымдар, соның ішінде Бреттон-Вудс институттары аясында Астанамен жүргізіліп жатқан сындарлы ынтымақтастықтыбаса айтты.
Іс-шара қонақтарына ұлттық тағамдар ұсынылды. «Астана Опера» мемлекеттік театрының әртістері концерттік бағдарламамен өнер көрсетті. Ұлттық әндер мен Қазақстанның танымал авторларының шығармалары орындалды, сондай-ақ «Tarbiya» сән үйі ұсынған қазақтың ұлттық киімдерінің көрсетілімі өтті.








