Қазақстан мен Лихтенштейн қаржылық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

    1 / 2

    Вадуц , 9 қараша– Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясы мен Лихтенштейн Князьдігіндегі Елшісі Қайрат Саржанов Князьдіктің Қаржылық барлау бөлімшесінің директоры Бианка Хеннигпен кездесті .

    Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына « Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері » атты Жолдауының негізгі ережелерін таныстырып , экономиканы цифрлық трансформациялауға , жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге , мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және қаржылық процестердің ашықтығына баса назар аударды .

    Өз кезегінде , Бианка Хенниг Қазақстан тарапымен байланыстарды нығайтуға мүдделілік білдірді . Тараптар қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға , терроризмді қаржыландыруға және өзге де қаржылық қылмыстарға қарсы іс - қимыл саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын , соның ішінде тәжірибе алмасу және бейінді ведомстволар арасында тікелей байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады .

    Лихтенштейннің қаржылық барлау делегациясының Астанаға алдағы сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды . Бұл сапар өзара іс - қимылдың нақты бағыттарын айқындау және екі елдің қаржылық қауіпсіздік саласындағы практикалық ынтымақтастығын нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ .

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары