Қосшы қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлерінің назарына!
Ұялы байланыс сигналының репитерлері (күшейткіштері) – мобильді байланыс сигналын күшейтуге арналған құрылғылар. Алайда оларды заңнама талаптарын сақтамай орнату және пайдалану басқа абоненттердің байланыс сапасына кері әсер етуі мүмкін.
Атап айтқанда, талаптарды бұза отырып пайдаланылған құрылғылар:
* Радиокедергілердің пайда болуына;
* Ұялы байланыс сапасының төмендеуіне немесе байланыстың мүлдем болмауына;
* Интернет байланысының үзілуіне әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңының 28-бабына сәйкес, радиожиілік спектрін пайдалану тәртібін бұзған тұлғалар заңнамада белгіленген жауапкершілікке тартылады.
Осыған байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерін ұялы байланыс сигналын күшейткіш құрылғыларды орнату және пайдалану кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға шақырамыз.
Байланыс сапасы – баршамыз үшін маңызды. Заң талаптарын сақтайық!
Қосшы қаласының әкімдігі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









