ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

    Отбасындағы зорлық-зомбылық – жеке мәселе емес, заңмен жауаптылық көзделген құқық бұзушылық.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтарға жол бермеу – ортақ міндет.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:

    ▪️ 73-бабы – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін жауаптылықты көздейді.

    ▪️ 461-бабы – қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін жауаптылықты қарастырады.

    Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында азаматтарға заң талаптарын сақтау, құқықтық қорғау шаралары және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тетіктері түсіндіріледі.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда үнсіз қалмай, құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Қажет болған жағдайда полицияның 102 нөміріне хабарласыңыз.

    Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамаңыз! Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының әкімдігі" жаңалықтары