Айнагүл Көңбайқызы Қосшы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

    Бұған дейін Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    Айнагүл Көңбайқызы 1982 жылғы 29 мамырда дүниеге келген. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2002 жылы Ақмола облысының Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бастаған.

    2013–2017 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданы Қараөткел ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

    2021 жылғы 24 қыркүйекте Қосшы қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    2022 жылы «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

    Айнагүл Көңбайқызының мемлекеттік басқару саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әр жылдары жергілікті атқарушы органдарда түрлі лауазымдарды атқарып, ішкі саясат, мәдениет және қоғамдық даму салаларында қызмет етті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының әкімдігі" жаңалықтары