Қазақстан Президентінің Жолдауы Мариу Соареш қорында таныстырылды

    1 / 2

    Лиссабон, 2026 жылғы 13 қараша–Мариу Соарешжәне МарияБаррозуқорында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.

    ҚазақстанныңПортугалиядағы ЕлшісіЖан Ғалиевел дамуының басым бағыттарын айқындайтын құжаттың негізгі ережелерін таныстырып, өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалы салаларына ерекше назар аударды. Олардың қатарында өнеркәсіп пен инвестициялар, көлік және логистика, энергетикалық трансформация, жаңартылатын энергия көздері, су ресурстарын басқару,цифрландыружәне жасанды интеллект, әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру және ғылыми зерттеулер бар.

    Пікір алмасу барысында Португалияның аталған салаларда елеулі әлеуетке ие екені атап өтілді. Бұл әлеуетті бірлескен жобаларды іске асыруға жұмылдыру мүмкіндіктерін прагматикалық тұрғыдан қарастырып, нақты талқылаудың маңыздылығына назар аударылды.

    Қордың Директорлар кеңесінің төрағасы, Португалия Республикасы Ассамблеясының бұрынғы депутаты, Лиссабон қаласының бұрынғы мэріЖоау СоарешҚазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дәйекті жаңғырту, ұлттық экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылым мен адами капиталды дамыту, озық технологияларды енгізу, сондай-ақ мемлекеттік институттарды нығайту және елдің халықаралық аренадағы ұстанымдарын күшейту жолындағы күш-жігерін жоғары бағалады.

    Мариу Соарешжәне МарияБаррозуқоры (Fundação Mário SoareseMariaBarroso) – Португалияның бұрынғы Премьер-министрі әрі ПрезидентіМариу Соарештіңбастамасымен 1991 жылы құрылған, қоғамдық маңызы бар коммерциялық емес ұйым.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары