Көшпелі семинар-кеңес өтті

    1 / 4

    2026 жылғы 4 қарашада Қосшы қаласының Қоғамдық мәдени-спорт кешенінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі шарттардың орындалуына камералдық бақылау жүргізу мәселелері және бюджеттік мониторингті онлайн режимде жүргізу, жалақы жіберу кезіндегі бұзушылықтардың алдын алу және бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңес өтті.

    Іс-шараға Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің өкілдері, сондай-ақ Қосшы қаласы әкімдігінің білім, ішкі саясат, спорт, мұрағат бөлімдерінің басшылары мен мамандары және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында қатысушылар талқыланған тақырыптар бойынша белсенділік танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Департамент өкілдері сұрақтарға жауап беріп, камералдық бақылаудың өзекті мәселелері және онлайн бюджеттік мониторинг бойынша практикалық түсіндірмелер берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының әкімдігі" жаңалықтары