Республика күніне орай Қосшы қаласындағы «ALAN» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде 7–8 сынып оқушылары арасында футзалдан Қосшы қаласы әкімінің кубогі өтті.
Турнирге қала мектептерінің командалары қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 I орын – IT мектеп-лицейі
🥈 II орын – мектеп-гимназия
🥉 III орын – №2 жалпы орта білім беретін мектебі
Осылайша, турнирдің бас жүлдесін IT мектеп-лицейінің командасы жеңіп алды.
Жарысты жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Басты мақсат – жасөспірімдерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ жас таланттарды анықтап, олардың спорттық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасау.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!









